Accessibility links

Әл-Сиси Египет президенттігіне сайлауға түседі


Египет фельдмаршалы Абдул-Фаттах әл-Сиси.

Египет фельдмаршалы Абдул-Фаттах әл-Сиси.

Египеттің қорғаныс министрі және армия бас қолбасшысы, фельдмаршал Абдул-Фаттах әл-Сиси қызметінен кетіп, президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеді.

Телеарнада бұл туралы арнайы мәлімдеме жасаған әл-Сиси "таңғажайып керемет жасай алмайтынын" айтып, египеттіктердің өздерін "елдің әл-ауқатын көтеру үшін жұмыс істеуге" шақырды.

59 жастағы әл-Сиси өткен жылы жаппай халық толқулары кезінде президент Мұхаммед Мурсиді орнынан түсіруде маңызды рөл атқарған. Сарапшылар оның танымалдылығы мен ықпалы күшті бәсекелестерінің жоқтығына қарап, сайлауда айқын жеңіске жетеді деген болжам жасап отыр.

Мәлімдемесінде әл-Сиси Египетке "террорлық қауіп төніп тұрғанын" айтып, "елді үрейден арылтуға" күш жұмсайтынына уәде берді.

Осы айдың басында Египеттің мемлекеттік ақпарат құралдары әл-Сиси "өз кандидатурасын президенттікке ұсыну туралы ел азаматтарының ұсынысына бей-жай қарамайтынын мәлімдеді" деп хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG