Accessibility links

Түркия Youtube-ті бұғауламақ


Youtube сайтын планшеттен қарап отырған адам. (Көрнекі сурет)

Youtube сайтын планшеттен қарап отырған адам. (Көрнекі сурет)

Түркияның телекоммуникациялық қызмет көрсететін TIV компаниясы 27 наурызда Youtube сайтын бұғаулайтын қадам жасағанын мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, сайтқа қарсы "әкімшілік шаралар" қолданылған. Бұған дейін осы елде Twitter әлеуметтік желісі бұғауланып, бірақ кейін сот ол шешімнің күшін жойған еді.

Бірер күн бұрын Youtube сайтында Түркия сыртқы істер министрі, барлау қызметінің басшысы және басқа да бірқатар әскери шенеуніктер мен сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің "телефон әңгімелері" жарияланып кеткен. Әңгіме барысында Сирияға басып кіру жайы талқыланған.

Түркия сыртқы істер министрі интернетте жарияланған бұл жазбаларды "елдің ұлттық қауіпсіздігіне шабуылдау әрекеті" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG