Accessibility links

Ресей БҰҰ-ның Украина туралы қарарын айыптады


Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин (ортада) БҰҰ Бас ассамблеясы "Украинаның территориялық тұтастығы туралы" қарарды қабылдағаннан кейін залды тастап шығып барады. Нью-Йорк, 27 наурыз 2014 жыл.
Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин (ортада) БҰҰ Бас ассамблеясы "Украинаның территориялық тұтастығы туралы" қарарды қабылдағаннан кейін залды тастап шығып барады. Нью-Йорк, 27 наурыз 2014 жыл.
Ресей сыртқы істер министрлігі бүгін БҰҰ Бас ассамблеясының "Украинаның территориялық тұтастығы" туралы қарар қабылдауын айыптады.

Министрлік таратқан мәлімдемесінде 27 наурызда қабылданған қарарды "нәтижесіз" және "Украинадағы ішкі саяси дағдарысты тек шиеленістіре түсуге бағытталған" деп атады.

Ресей бұған қоса бірқатар батыс елдерін "Украинаның ішкі ісіне араласып, оның соңы елде заң мен адам құқықтарының жаппай бұзылуына әкеп соқты" деп сынаған.

Бас ассамблея қарарын қолдап БҰҰ-на мүше 100 мемлекет дауыс берді, 58 мемлекет қалыс қалды, 11-і құжатқа қарсы дауыс берді. Қалыс қалғандар арасында Қазақстан да бар. Қарсы шыққандардың ішінде Армения, Беларусь, Боливия, Венесуэла, Зимбабве, Куба, Никарагуа, Ресей, Сирия, Солтүстік Корея мен Судан бар.

Бас Ассамблеяның қарарына ешбір мүше-мемлекет вето қоя алмайды. Бұл қарар заңды тұрғыда орындалу міндетін жүктемейді, бірақ әлемдік қауымдастықтың позициясын білдіреді.
XS
SM
MD
LG