Accessibility links

ЦРУ жайлы құпия құжат жарияланады


АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті жетекшісі Диана Файнштайн (ортада) журналистерге сұхбат беріп тұр. Вашингтон, 11 наурыз 2014 жыл.
АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті жетекшісі Диана Файнштайн (ортада) журналистерге сұхбат беріп тұр. Вашингтон, 11 наурыз 2014 жыл.
АҚШ сенатының барлау жөніндегі комитеті Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) жауап алуды жүргізу әдістеріне сын айтылған құпия баяндаманы жұртшылыққа жариялау туралы шешім қабылдады. Сенаттың 11 депутаты шешімді жақтап дауыс берді, үшеуі қарсы болды.

Комитет қызметкерлері әзірлеген баяндамада «жауап алудың жетілдірілген әдістері» деп аталған көбінесе қатыгез тәсілдердің тиімсіз болғандығы, олардың террористер жоспары туралы нақты ақпарат алуға көмектеспегені айтылады.

ЦРУ саясатына сын айтушылар жауап алу кезінде суға тұншықтыруға ұқсайтын әдістер қолдану адамды азаптаумен бірдей деп мәлімдеген. ЦРУ баяндамада жасалған көптеген қортындылармен келіспейді. Баяндаманы жариялау туралы шешімді АҚШ президенті Барак Обама қолдаған. Қазір жұртқа жария етуге әзірленіп жатқан құжат нұсқасы бірнеше аптадан соң дайын болмақ.
XS
SM
MD
LG