Accessibility links

Обама Украинаға көмек туралы заңға қол қойды


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі күні Ақ үйде АҚШ Конгресі қос палатасының жетекшілерімен кездесіп, Украинадағы дағдарысты реттеуге қатысты мәселені талқылаған. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Обама конгресс өкілдеріне Украинаны қолдауға және осы елдің тәуелсіздігі мен территориясының тұтастығын бұзған әрекетіне жауап ретінде Ресейді оқшаулауға бағытталған халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіруде АҚШ-тың жетекші роль атқаруды жалғастыратынын айтқан.

Сонымен бірге кездесуде өткен аптада Брюссельдегі ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит пен президент Обаманың Сауд Арабиясына жасаған сапарының қортындылары да талқыланған.

Конгресс мүшелерімен кездесерден бірнеше сағат бұрын президент Барак Обама Украинаға бір миллиард АҚШ доллары көлемінде несие бөлу туралы заңға қол қойған деп хабарлады Ақ үй.

Ол заңды осы аптада Конгресс көпшілік дауыспен қабылдаған еді.
XS
SM
MD
LG