Accessibility links

Еуропа кеңесі Ресейді дауыс беру құқығынан айырды


Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясындағы Ресей делегациясының басшысы Алексей Пушков.
Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясындағы Ресей делегациясының басшысы Алексей Пушков.
Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) Ресей делегациясын биылғы жылдың соңына дейін дауыс беру және ассамблеяның жұмысшы органының қызметіне араласу құқығынан айыруды қолдап дауыс берді.

Ресей делегациясының басшысы Алексей Пушков наразылық ретінде делегацияның сессияны тастап шығатынын және бұдан ары ассамблея жұмысына қатысу туралы мәселені өзі шешетінін мәлімдеді.

10 сәуір күні өткен сессияда парламентарийлер ПАСЕ мониторинг комитетінің баяндамасын талқылаған еді. Жиында Қырымды аннексиялап алғанына байланысты Ресейдің парламенттік ассамблеядағы өкілеттігін қайта қарау және Ресей делегациясын дауыс беру құқығынан айыру мәселесі қаралған. Талқылау нәтижесінде ассамблея екінші ұсынысты қолдап дауыс берді.

Мониторинг комитетінің басшысы Штефан Шеннахтың айтуынша, енді Ресей аса маңызды мәселелерде, оның ішінде Еуропа кеңесінің бас хатшысы мен соттарын сайлауға қатыса алмайды. Ол 2015 жылы қаңтарда "Ресей делегациясына қатысты санкцияны ұзарту туралы шешім қабылдануы мүмкін" екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG