Accessibility links

Washington Post пен Guardian Пулитцер сыйлығын алды


АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.

Washington Post және Guardian газеттері Эдвард Сноуден мен АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің электрондық тыңшылық жасау бағдарламалары туралы мақалалар жариялағаны үшін Пулитцер сыйлығын иеленді.

Екі басылым да бұрынғы агент Сноуденнің АҚШ ұлттық қауіпсіздігі агенттігінің азаматтардың интернет байланыстары мен ұялы телефондағы әңгімелеріне қалай тыңшылық жасағаны туралы ақпараттарын жариялаған еді. Телефон жазбалары тыңдалды деген адамдардың арасында кейбір мемлекет басшылары да болған. Мұның соңы халықаралық дау тудырып, АҚШ билігін арнайы қызмет туралы заңнамаларын қайта қарауға мәжбүр еткен.

Эдвард Сноуден тыңшылық туралы ақпараттар жарияланған соң шетелге кетіп, былтырғы маусым айынан бері Ресейде тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG