Accessibility links

Путин: Украинадағы референдум кейінге қалсын


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 7 мамыр 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 7 мамыр 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оңтүстік-шығысын федерализациялау жайлы 11 мамырда референдум өткізуді жақтаушылар ол шараны кейінге қалдыруы керек деді.

Ол 7 мамырда Мәскеуде Швейцария президенті Дидье Буркхальтермен келіссөзі аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында "Ресей Украина билігінен елдің оңтүстік-шығысындағы әскери операцияларды тоқтатуды талап ететінін" мәлімдеді.

Путиннің сөзінше, Украинадағы дағдарысты қарудың күшімен шешу елдегі алауыздықты реттей алмайды. Ол Украинада 25 мамырда өтуі керек президент сайлауын "дұрыс бағыттағы әрекет" деп атады.

Украинаның оңтүстік-шығысын федерализациялау жайлы 11 мамырда референдум өткізу бастамасын ол елдегі сепаратистер көтерген еді.
XS
SM
MD
LG