Accessibility links

Түркияда кеніштегі апаттан 166 адам мерт болды


Түркия үкіметі елдің батысында көмір кенішінде 13 мамыр күні жарылыс пен өрт болып, кемінде 166 кенші қаза тапқанын хабарлады. Тағы 200 кенші жер астында қалып қойған.

Эгей теңізі жағалауындағы Измир қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 120 километр қашықтықта орналасқан Сома кенішінде электр желілерінің ақауынан әуелі жарылыс болып, оның салдарынан лифтілер істемей қалған.

Құтқарушылар бүгін, 14 мамыр күні шахтада қалып қойған кеншілердің жан сақтауы үшін шахтаға ауа жіберіп жатыр.

Кеншілердің жүздеген туыстары мен әріптестері жергілікті ауруханаға жиналып, кеншілердің жағдайы туралы ақпараттар беруді талап етіп жатыр.

Түркияның энергетика министрі Танер Йылдыз апат болған кезде шахтада 787 кенші жұмыс істеп жатқанын айтады.

Түркия премьер-миинстрі Режеп Тайып Ердоған бүгін Албанияға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырып, апат болған аймаққа баратын болды.
XS
SM
MD
LG