Accessibility links

Қырымда ұсталған украин журналисі босатылды


Қырымдағы украин журналисі Осман Пашаев.

Қырымдағы украин журналисі Осман Пашаев.

Симферопольде 18 мамыр күні ұсталған украин журналисі, "Открытый крымский канал" интернет жобасының негізін салушы Осман Пашаев босатылды.

"Громадське" телеарнасының хабарлауынша, журналист соққыға жығылып, үстінен іс қозғалған. Оның барлық техникасын тартып алып, сотқа шақыру қағазын берген. Телеарна онымен бірге ұсталған түркиялық оператордың да соққыға жығылғанын айтады.

Журналист Осман Пашаев 18 мамыр күні Симферопольде Қырым татарларының депортацияланғанына 70 жыл толуына байланысты қаралы жиыннан хабар жасап жүргенде ұсталған еді. Куәгерлердің айтуынша, Пашаев және онымен бірге жұмыс істеп жүрген журналистерді "өзін-өзі қорғау отрядының" өкілдері қоршап, арада біраз уақыт өткенде басқа жаққа алып кеткен.

Кейін Пашаевты Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен экстремизммен күрес бөлімі қызметкерлері бірнеше сағат бойы тергегені белгілі болған.
XS
SM
MD
LG