Accessibility links

Украина: Операцияларда 125 әскери мерт болды


Львов қаласы тұрғындары Луганск түбінде ұшақ апатынан қаза тапқан украин әскерилерін еске алу жиынында. Украина, 15 маусым 2014 жыл.
Львов қаласы тұрғындары Луганск түбінде ұшақ апатынан қаза тапқан украин әскерилерін еске алу жиынында. Украина, 15 маусым 2014 жыл.
Украинаның шығысында жүргізіліп жатқан антитеррорлық операциялар барысында украиндық 125 сарбаз қаза тапты деп хабарлады Украина бірінші вице-премьері Виталий Ярема.

16 маусым күні кешке украиналық ICTV телеарнасының "Свобода слова" бағдарламасында сөйлеген Яреманың айтуынша, қаза тапқандардың 96-сы - Украина қарулы күштерінің сарбаздары, 22-сі - ішкі істер органдарының, Украина мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен шекарашылар. Құрбандардың көпшілігі ұшақ пен тікұшақтың атып түсірілуі салдарынан қаза тапқан. Ұрыс кезінде қаза тапқандар аз.

Өткен аптада Украина денсаулық сақтау министрі Олег Мусий елдің шығысындағы әскери операциялар кезінде арасында 14 бала бар, барлығы 210 адам қаза тапқан деп хабарлаған болатын. Бірақ ол әскерилерден қанша адам, ресейшіл сепаратистердің қаншасы мерт болғанын, сондай-ақ бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар қанша екенін ашып айтпаған еді.
XS
SM
MD
LG