Accessibility links

Қазақстан мен Оңтүстік Корея визасыз режим келісімін жасады


Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласы. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласы. (Көрнекі сурет)
Қазақстан мен Оңтүстік Корея төлқұжаты бар азаматтарға екі елге бір ай мерзімге визасыз барып келу тәртібін енгізу туралы бірлескен келісімге қол қойды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Екі елдің үкіметтері арасындағы виза режимін өзара жою туралы келісім Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында жасалып отыр.

Құжатқа Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі Юн Бен Се қол қойған.

Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі орынбасары Алексей Волков визасыз сапарлау тәртібін енгізу туризм, медицина, ғылыми технология және студенттер алмасудың дамуымен байланысты екенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG