Accessibility links

Харьковте өзара қарсылас белсенділер ұсталды


Белсенділер Ресей консулдығы алдында Владимир Путинге наразылық танытып тұр. Харьков, 16 маусым 2014 жыл.

Белсенділер Ресей консулдығы алдында Владимир Путинге наразылық танытып тұр. Харьков, 16 маусым 2014 жыл.

Харьковте "Еуромайдан" мен "антимайданның" 30 белсендісі ұсталды деп хабарлайды жергілікті милицияға сілтеме жасаған УНИАН агенттігі.

Бұған дейін агенттік Харьковте "Еуромайдан" белсенділері мен милиция арасында қақтығыс болғанын хабарлаған еді. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, одан екі адам зардап шеккен.

УНИАН агенттігі милиция "антимайдан" жиынын өткізбеуге барған 200-ге тарта "Еуромайдан" белсендісін тарату үшін резеңке таяқ қолданғанын хабарлады.

22 маусым күні Харьковте "Еуромайданның" мыңнан аса жақтасы бейбіт халық жиынын өткізген. Жиналғандар елде люстрация жүргізіп, Луганск облысында коммунистердің сепаратистер жағына шығып кеткені үшін Украина коммунистік партиясын "террористік ұйым" деп тануды талап еткен.

Мұның алдында Харьковте өткен "антимайдан" жиынына 300-ге тақау адам қатысқан. Белсенділер СССР, Ресей мен Владимир Жириновский басқаратын Ресей либерал-демократиялық партиясы туларын, Георгий жалауларын, Украина коммунистік партиясы символикасы мен Наталья Витренко блогының, "Оңтүстік-шығыс" қозғалысының символикаларын ұстап шыққан.

Киевте "Еуромайдан" жақтастары Ресей елшілігі алдында, Киев-Печерск монастырі алдында наразылық акциясын өткізген. Монастырь территориясында "орыс әлемі" үшін жорыққа шықпақ болған 200-ден аса ресейшіл сепаратист бар. Монастырь өкілі УНИАН агенттігіне "Украина православие шіркеуінің аталған сепаратистік топқа ешқандай қатысы жоғын" айтқан.
XS
SM
MD
LG