Accessibility links

БҰҰ Таулы Қарабақта жанжалды тоқтатуға шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Армения мен Әзербайжан қарулы күштерін даулы Таулы Қарабақ аймағында зорлық-зомбылықтан бас тартып, бітім туралы келісімдерін орындауға шақырды.

Бұл туралы арнайы мәлімдемесінде Пан Ги Мун аймақта әскери жанжал жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобының Қарабақ мәселесін шешуде атқарып жатқан жұмысына қолдау көрсеткен.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, соңғы күндері Таулы Қарабақтағы "бақылау сызығы" аумағында армяндармен атыста 15 әзербайжандық сарбаз қаза тапқан. Ал Таулы Қарабақтың іс жүзіндегі билігі жанжалдан бес сарбаз қаза тапқанын айтады.

ЕҚЫҰ-ның Минск тобындағы тең төрағасы, АҚШ өкілі Джеймс Уорлик 4 тамызда Баку мен Ереванды зорлық-зомбылықты тоқтатып, Әзербайжан мен Армения президенттерін дағдарысты шешу жолдарын талқылау үшін кездесуге шақырды.

XS
SM
MD
LG