Accessibility links

Назарбаев көлеңкелі экономикамен күресуге шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өзі төрағалық еткен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында "күшті көлеңкелі экономиканы қысқартуға және коррупциямен күреске жұмсауға" шақырды. Ол "барлық ұйымдастырылмаған базарларды жауып, дұрыс сауда орындарын салу керек" деген.

Назарбаев Қазақстан экономикасының 20-30 пайызға жуығы "көлеңкеде" деген дерек келтірді. Оның айтуынша, "коррупциялық мәселелердің негізгі көзі - тендерлерде" жатыр. Әйткенмен президент "бірқатар шараларды атқарды және тапсырмамның біразын орындады" деп үкіметтің жалпы жұмысына "қанағаттанарлық" деген баға берген.

Бұған қоса Назарбаев әр саланың басшыларына "әлемдік экономикадағы, ТМД мен аймақта болып жатқан қазіргі жағдайды назарда ұстап, қазіргі экономикалық саясатқа мұқият талдау жасауға" кеңес берді.

Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу туралы ұсынысты өткен аптада үкімет мүшелерімен жиында айтқан. Ол жиында Украинадағы саяси ахуал мен оған байланысты халықаралық жағдайлардың Қазақстан экономикасына әсері де талқыланған еді.

XS
SM
MD
LG