Accessibility links

Әкім: Қызылағаш су қоймасы қалпына келтіріледі


Қызылағаш су бөгетінің орны. Алматы облысы, 23 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қызылағаш су бөгетінің орны. Алматы облысы, 23 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматы облысында апатқа ұшырап, адамдары қаза тапқан Қызылағаш ауылындағы су қоймасы қайта жөнделетін болды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл жайында Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған жиында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеген. Оның айтуынша, Қызылағаш су қоймасы апат болмай тұрып 7 мың 600 гектар алқапты суғарып тұрған.

"Қызылағаш, жалпы Ақсу ауданы негізінен қант қызылшасын өсіреді. Тұрғындар қант қызылшасын өсіргісі келеді. Бұл дақылды өсіруге үлкен субсидия бөлінеді. Фермерлерді қолдау керек. Су қоймасы мен суландыру жүйелерін қалпына келтіріп, егістікті суғарып тұру қажет" деген Баталов.

Жиынға ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков те қатысып, су қоймасын қалпына келтіру мәселесіне көмектесуге уәде берген.

Үш жарым мыңдай тұрғыны бар Қызылағаш ауылында 2010 жылы наурыздың 12-сіне қараған түні су қоймасы жарылып, ол апаттан ресми есеп бойынша 45 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG