Accessibility links

Джон Керри Түркияға барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Бүгін, 12 қыркүйек күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркияға барады. Керри "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресті ұйымдастыру мақсатында Таяу Шығыс елдеріне сапарға шыққан еді. Ол 11 қыркүйекте Сауд Арабиясында болған.

Түркия сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Керри Анкарада осы елдің сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен, премьер-министр Ахмет Давутоглумен және президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі.

Түркия АҚШ-ты Сирияның біраз бөлігін және Ирактың мұнайға бай солтүстік аудандарын басып алған "Ислам мемлекеті" ұйымымен күресте маңызды одақтас санайды.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары маусым айында Ирактың Мосул қаласында Түркия консулдығын басып алған еді. Содан бері түркиялық 46 азаматты, оның ішінде жоғары шенді дипломатын кепілде ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG