Accessibility links

Қырғызстан БЭК-ке кірудің жол картасын бекітті


Қырғызстанның Бішкектегі үкімет үйі

Қырғызстанның Бішкектегі үкімет үйі

Қырғызстан үкіметі 8 қазанда елдің Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) кіру жөніндегі жол картасын бекітті. Жол картасында Қырғызстанның БЭК-ке кіру жоспары, оған мүше Ресей, Беларусь және Қазақстанмен еркін сауда жасасу, миграциялық қызмет жүргізу ережелері қамтылған.

Биыл 29 мамырда Қырғызстанның Кеден Одағына кіру мерзімі мен шарттары бойынша жол картасы бекітілген еді. Осы жылдың басында Қырғызстан БЭК-ке кіру ниетін білдіріп, президент Алмазбек Атамбаев үкіметке бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырған.

БЭК - 2003 жылы Ресей, Украина, Қазақстан мен Беларусь бірлесе құрған төрт елдің экономикалық интеграциясын жеделтетуді көздейтін жоба. 2005 жылдан бастап Украина бұл құрылымға жарым-жартылай ғана қатысып келеді. Ал қалған үш мемлекет әуелі Кеден Одағын, сосын Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісім жасасты.

XS
SM
MD
LG