Accessibility links

Назарбаев Минскіде Атамбаевпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде ТМД елдері басшыларының саммиті аясында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, бұрын жасалған келісімдердің орындалу барысы сөз болған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, кездесуде электр энергиясы тапшылығын азайту мәселесі де талқыланған. Кездесу қорытындысында екі ел үкіметіне Қырғызстанның Қазақстаннан биыл қыста электр қуатын алуы жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.

XS
SM
MD
LG