Accessibility links

ІІД: Шымкентте көліктің бір ғана VIP нөмірі сатылды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Шымкентте автокөліктің VIP нөмірлері сатылымға түскен соңғы үш күннен бері бір нөмір саудаланған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, Шымкентте автокөліктің VIP нөмірлері сатылымға 20 қазаннан бастап түскен. Соңғы үш күннің ішінде қалада тек қана 007 нөмірі 422 256 теңгеге сатылған.

«20 қазаннан бері сатылымға түсіп жатқан VIP нөмірлердің бірі 007 нөмірін заңды тұлға, яғни жекеменшік фирма сатып алды», − деп хабарлады баспасөз қызметі Азаттыққа.

Қазақстанда 19 қазан күні жол жүрісі туралы жаңа заң күшіне енді. Заңның бір талабы бойынша VIP нөмірлердің бағасы белгіленіп, cатылады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG