Accessibility links

Сот Adam bol журналына шешімді ішінара өзгертті


Adam bol журналының апелляциялық шағымын қарау
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:23 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Adam bol журналының апелляциялық шағымын қараған сот отырысы. Алматы, 27 қазан 2014 жыл.

Бүгін Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасының судьясы Нұрлан Мұхамеджанұлы Adam bol журналының иесі ADAMDAR компаниясының шағымын қарап, ішінара қанағаттандырды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Судья бұған дейін Медеу аудандық сотының Атыраудағы "Иманғали" мешітінің бұрынғы наиб имамы, қазір Алматыдағы Орталық мешіттің наиб имамы Ерсін Әміренің шағымы бойынша шығарған шешімінің өтемақыға қатысты тұсын өзгерткен. Судья өтемақы көлемін 2.5 миллион теңгеден 500 мың теңгеге (шамамен 2.7 мың АҚШ доллары) дейін азайтты.

ADAMDAR компаниясының өкілі Аян Шәріпбаев және оның адвокаттары Әлімжан Оралбай мен Жохар Өтебеков апелляциялық соттың шешіміне шағымдану жағын ойластыратындарын айтады. Ерсін Әміренің өзі сотқа қатысқан жоқ. Соттан кейін ол Азаттық тілшісіне телефон арқылы шағымға қатысты қандай да бір шешім қабылдау үшін адвокатымен сөйлесетінін айтты.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотына Adam bol журналының қожайыны ADAMDAR компаниясының үстінен талап-арыз берген Әміре Ерсін редакцияны журналдың биылғы 21 ақпанда шыққан 21-санындағы «Сирия соғысындағы қазақстандық майдан» («Казахстанский фронт сирийской войны») атты мақаласында «жалған мәліметтер жариялады» деп айыптаған еді. Ондағы мәліметтер сотта анықталмады. Апелляциялық сотта журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мақала авторы ретінде жазылған "Алма Шарипова" деген есім өзінің бүркеншік аты екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG