Accessibility links

ЕҚЫҰ: Донецкіде танктер мен жүк көліктері жүр


Украинаның Донецк қаласында жүрген әскери танк. 8 қараша 2014 жыл. YouTube сайтындағы видеодан скриншот.

Украинаның Донецк қаласында жүрген әскери танк. 8 қараша 2014 жыл. YouTube сайтындағы видеодан скриншот.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы тобы сенбі күні Украинаның шығысындағы Донецк қаласы мен Макеевка елдімекенінен батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан жүк көліктерінің колоннасын байқаған.

Ешқандай белгі я нөмір жазылмаған 19 үлкен жабық жүк көліктерінде үстілеріне ешбір белгісі жоқ қою жасыл түсті киім киген сарбаздар отырған. Әр көліктің артына 122-миллиметрлік гаубицалар (зеңбірек) тіркелген.

Сонымен бірге автоколоннада әскерилерді тасымалдауға арналған 15 КрАЗ автокөлігі болған, бірақ бақылаушлар оларда адамдар отырғанын немесе болмағанын тап басып айта алмады. Колонна арасында шағын цистерналар мен крандары бар тағы алты көлік болған.

Бақылаушылардың есебінде әлгі колоннаны ешқандай белгісі жоқ, пулеметі оралып жабылған бронетранспортер бастап жүргені айтылған.

Сенбі күні түстен кейін ЕҚЫҰ бақылаушылары Донецкінің орталығынан 7 километрдей жерде, Ленин мен Куприн көшелерінің қиылысынан ешқандай белгісі жоқ төрт Т72 мен бес Т64 әскери танктерінің батысты бетке алып кетіп бара жатқанын көрген.

XS
SM
MD
LG