Accessibility links

Алматыда Award.kz сыйлығы тапсырылды


Бүгін Алматыда жыл сайын берілетін Award.kz ұлттық интернет байқауының биылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлық тапсыру шарасы өтті.

«Масс-медиа» номинациясы бойынша бас жүлдені Bnews.kz сайты иемденді. Бұл номинацияда екінші орын "TengriFM" радиосының сайтына, үшінші орын – Baq.kz сайтына берілді.

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» атағын Islam.kz жеңіп алды. Екінші орынға Kitab.kz, үшіншіге – Massaget.kz сайты ие болды.

«Дене шынықтыру және спорт, медицина мен денсаулық, саяхат пен демалыс» номинациясы бойынша бірінші орынды Қазақстанның ресми туристік порталы kazakhstan.travel сайты иеленді.

Байқау қазылар алқасының ұйғарымы бойынша Lamoda.kz – Казнеттің ең үздік сайты деп танылды.

XS
SM
MD
LG