Accessibility links

Астанаға бүгін ресми сапармен келген Чехия президенті Милош Земан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі елдің басшылары сауда-экономикалық, транспорттық, транзиттік, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салада өзара байланысты нығайту жайын талқылаған. Сонымен бірге халықаралық өзекті мәселелер жайында да пікір алмасқан.

«Біздің елдеріміз әлемде болып жатқан көптеген оқиғаларға қатысты ортақ көзқарас ұстанады. Чехия біз үшін Еуропадағы іргелі сауда серіктес саналады. Соңғы жылдары екі елдің экономикалық қарым-қатынасы қарқын алып келе жатқаны байқалады» деген Назарбаев кездесуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG