Accessibility links

Алматыдағы Шығыс айналма жолында - кептеліс


Алматының шығыс айналма жолындағы көлік кептелісі. Алматы, 12 желтоқсан 2014 жыл.

Алматының шығыс айналма жолындағы көлік кептелісі. Алматы, 12 желтоқсан 2014 жыл.

Алматыда бүгін таңертең Шығыс айналма жолында, Әл-Фараби даңғылына дейін бірнеше километрге созылған көлік кептелісі пайда болды.

Көлік кептелісіне куә болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кептеліс Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы су құбыры апатынан туындаған.

Жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысын реттеуге тырысып жатқанымен, әзірге кептеліс тарқамай тұр. Кептелістен қашқан көліктер Шығыс айналма жолынан жанама көшелерге кетіп жатқандықтан, Әл-Фараби даңғылынан төменгі көшелерде де кептеліс пайда болды.

XS
SM
MD
LG