Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның шағын әскері қалады


Ауғанстандағы халықаралық әскер. (Көрнекі сурет)

Ауғанстандағы халықаралық әскер. (Көрнекі сурет)

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі НАТО-ның Ауғанстандағы әскері кеткеннен кейін осы әскери альянстың шағын әскерінің ауған жерінде қалуын қолдады. Олар Ауғанстан қарулы күштеріне көмектесетін болады.

Ауғанстандағы НАТО әскері осы айдың соңында шығып бітеді.

Қауіпсіздік кеңесі "Ауғанстаннан халықаралық әскердің 13 жылдан соң кетіп жатқанын, халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанды бұдан ары да қолдауға дайын екенін" атап өткен.

Сөйтіп, 31 желтоқсан күні халықаралық әскердің бірі қалмай шығып кетпейтін болды. НАТО-ның Ауғанстандағы шағын миссиясы құрамына қазір осы елде жүрген бірнеше мың шетелдік солдаттар алынады. Миссия ауған жерінде бұрынғыдай әскери операциялар жасамайды, бірақ шабуылдан қорғанатын болады.

XS
SM
MD
LG