Accessibility links

БҰҰ: Украинадағы қақтығыстан 4600 адам қаза тапты


Донецк маңында жүрген Украина әскерінің танкісі. 11 желтоқсан 2014 жыл.
Донецк маңында жүрген Украина әскерінің танкісі. 11 желтоқсан 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер қақтығысынан сәуір айының ортасы мен желтоқсанның 7-сі аралығында 4 мың 634 адам қаза тауып, 10 мың 243 адам жараланған.

Бұл туралы БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының Украинаның шығысындағы жағдай туралы есебінде айтылған.

Сенбі күні жарияланған құжатта 1 миллион 100 мыңнан астам адамның үй-жайын тастап кеткені де жазылған. Олардың 542 мыңнан астамы ел ішінде жүр, 568 мыңға жуығы босқын деп танылған, 466 мың адам Ресейге кеткен. Қазір қақтығыс аймағында 5 миллион 200 мың адам тұрып жатыр.

Есепке 20 қараша мен 12 желтоқсан аралығында қаза тапқан адамдар қамтылған. Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының бұған дейінгі есебі 20 қараша күні жарияланған еді. Онда қақтығыс кезінде 4 мың 317 адамның қаза тапқаны көрсетілген болатын. БҰҰ басқармасының келесі есебі 26 желтоқсан күні жарияланады.

XS
SM
MD
LG