Accessibility links

Лукашенко: Украинаға көмек беруге дайынбыз


Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина президенті Петр Порошенкомен кездесіп тұр. Киев, 21 желтоқсан 2014 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина президенті Петр Порошенкомен кездесіп тұр. Киев, 21 желтоқсан 2014 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейшіл сепаратистермен күресіп, экономикалық қиындықтарға ұшырап жатқан Украинаға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Мемлекеттік "Белта" агенттігінің хабарлауынша, Лукашенко желтоқсанның 21-інде Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуде "Мен Украинада барлығы жақсы болғанын қалаймын. Егер Украинаға Беларусьтен қандай да бір көмек керек болса, оны бір-ақ күнде жасауға дайынбыз" деген.

Сарапшылар Лукашенко биыл ақпан айында Украинада президент Виктор Януковичті биліктен тайдырған наразылықтар Беларусьте де болып қала ма деп қауіптенеді дейді. Лукашенко бұған қоса Ресейдің Беларусьпен одақ құру бастамасын да кідіртіп қойды.

XS
SM
MD
LG