Accessibility links

Досаев: Экономиканы долларсыздандыру шараcы даярлануда


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық банк 2015 жылдың басына қарай экономиканы долларсыздандыруға қатысты шаралар жобасын даярлайды.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың парламент мәжілісі жиынының үзілісі кезінде айтуынша, Ұлттық банк қазір экономиканы долларсыздандыру шараларын дайындап жатқаны және негізгі қызмет осы банкке жүктеледі.

"Бірақ бізге қазіргі жүріп жатқан долларсыздандыру процесінің деңгейі біраз төмендегені дұрыс. Бұл нарықтың тұрақты болуы және теңгеге деген ішкі сұранысты артттыру үшін қажет" деген Досаев.

Оның сөзінше, қазір экономиканы долларсыздандыру жөніндегі жұмысшы тобын премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқарады.

XS
SM
MD
LG