Accessibility links

Қызылорда облысында су қаупінен 94 адам көшірілді


Қызылорда облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Қызылорда облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысының Ботабай ауылында су басу қаупі туындауына байланысты 100-дей тұрғын басқа жаққа көшірілді деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, 19 үйден - 94 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Ауласын су басқан 4 үйден су арнайы техникамен арықтарға ағызылған. Бұған қоса суда қалып қойған ірі қара мен ұсақ малдар да қауіпсіз жаққа шығарылған.

Төтенше жағдайлар департаменті су басуға Сырдария өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған. Қазір өзендегі су деңгейі 70 сантиметрге дейін түсіп, Ботабай ауылын қайта су алу қаупі сейілген.

XS
SM
MD
LG