Accessibility links

Еуротоннельмен поез қатынасы қайта жалғасты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ұлыбритания мен Франция арасын теңіз асты арқылы байланыстырып тұрған тоннельмен поез қатынасы жексенбі күні қайта жалғасты деп хабарлады бүгін тоннель жұмысына жауапты Eurotunnel компаниясы.

Ла-Манш бұғазындағы тоннельдің әзірше тек бір жақ бөлігі ғана жұмыс істеп тұрғандықтан, поездар кестеде көрсетілген уақытынан бір сағатқа дейін кешігуі мүмкін деп ескертті Eurostar компаниясы.

Француздың Калесі мен британдық Дувр арасына жолаушы тасымалдайтын Eurostar ұшқыр поез қатынасы сенбі күні түстен кейін, тоннельдің француз жағалауындағы сол жақ бөлігінде жүк тасымалдаушы тіркемеде өрт шыққан соң тоқтап қалған еді. Төтенше жағдай салдарынан кеше жиыны 26 жолаушы поезы станцияда тұрып қалған.

XS
SM
MD
LG