Accessibility links

Иркутскіде антифашистік акция өтті


Антифашистік шеруге қатысушылар. Иркутск, 18 қаңтар 2015 жыл.
Антифашистік шеруге қатысушылар. Иркутск, 18 қаңтар 2015 жыл.

Бүгін Ресейдің Иркутск қаласында, осыдан алты жыл бұрын, 2009 жылы қаңтардың 19-ы күні Мәскеуде неонацистер қолынан қаза тапқан адвокат Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурованы еске алуға арналған акция ұйымдастырылды. Оған қатысқан ондаған адам антифашистік ұрандар жазылған плакаттар ұстап, қаланың орталық көшелерімен жүріп өткен. Соңғы бес жылда бұл акцияға алғаш рет жергілікті коммунистер де қолдау танытқан.

– Мақсатымыз – елімізде нацизм проблемасы бар екендігін және ол түрлі қылмыстарға дем беретін өзекті мәселеге айналып отырғанын, ондай қылмыстар ұзақ тергеліп, ақыр соңында еш нәтижесіз аяқталатындығын қоғамға жеткізу, – дейді антифашистік шараны ұйымдастырушы Игорь Огородников.

Бүгінгі шараны сырттай бақылаған Иркутскідегі ұлтшыл ұйымдардың өкілдері шеруге қатысушыларға: «Сатқындар!» деп айғайлап, араларына кіріп кетіп арандатуға тырысқан. Бірақ, шерудің басы-қасында жүрген полицейлер ондай әрекетке барғандарды шеру қатарынан дереу шығарып тастаған.

Акция барысында ешкім ұсталған жоқ, шеру аяқталысымен оған қатысушылар тарап кеткен.

XS
SM
MD
LG