Accessibility links

Йеменде президент резиденциясына шабуылдап жатыр


Шииттік хути жасақтары президент резиденциясына барар жолдағы өткізу бекетінде тұр. Сана, Йемен, 20 қаңтар 2015 жыл.

Шииттік хути жасақтары президент резиденциясына барар жолдағы өткізу бекетінде тұр. Сана, Йемен, 20 қаңтар 2015 жыл.

Йемен билігінің мәлімдеуінше, шииттік хути қарулы жасақтары Санадағы президент резиденциясын атқылап, ғимараттың ішіне кірген. Ақпарат министрі Надия әл-Саккаф Twitter-де шиит жасақтарының шабуылы қаңтардың 20-сы күні түстен кейін басталғанын хабарлады. Кейбір ақпараттар бойынша, президент Абд-Раббу Мансур Хади резиденцияда отыр.

Санада қаңтардың 19-ынан бері қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Билік шабуылды "мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті" деп бағалады.

Йеменнің әскери басшылығы көтерілісшілер президент резиденциясындағы қару-жарақ қоймасына жеткенін айтады.

Йеменнің солтүстігіне бекінген хути жасақтары былтыр қыркүйекте Сананы бақылауға алған.

XS
SM
MD
LG