Accessibility links

Лавров: АҚШ әлемге үстемдік еткісі келеді


Сергей Лавров. Мәскеу, 21 қаңтар 2015 жыл.
Сергей Лавров. Мәскеу, 21 қаңтар 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Барак Обаманың америкалықтарға арналған жыл сайынғы дәстүрлі үндеуі АҚШ-тың "әлемде үстемдік құрғысы келетінін" көрсетеді деп мәлімдеді.

Қаңтардың 21-інде жылдық баспасөз жиынында сөйлеген Лавров "Барак Обаманың сөз ыңғайынан байқалған "әлемде біз біріншіміз, өзгелері мұны мойындауы тиіс" деген идея АҚШ-тың "философиялық ұстанымының өзегі" деді.

Лавровтың сөзінше, өзгелерге әмірін жүргізу АҚШ-тың "генетикалық кодында бар нәрсе".

Барак Обама қаңтардың 20-сында конгресс алдында америкалықтарға арнаған жолдауын жариялаған. Ол "бірнеше жылғы соғыс пен экономикалық дағдарыстан кейін АҚШ-тағы дағдарыс елесі жойылғанын" айтып, "әскери күш-қуат пен берік дипломатияға сүйенген Американың көшбасшылық рөлі" стратегиясын жалғастыра беру қажет деген.

XS
SM
MD
LG