Accessibility links

Волгоградта соғысқа қарсы пикетке шыққандар ұсталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейдің Волгоград қаласында бүгін Украинадағы соғысқа қарсылық білдіріп жалғыз адамдық пикетке шыққан екі азаматтық белсенді – Борис Стихин мен Дмитрий Бушминді «биліктің келісімінсіз шара өткізгендері» үшін полиция ұстаған. Бұл туралы ОВД-Инфо сайты хабарлады.

Полиция бөліміне жеткізілген белсенділерден түсіндірме жазып алған соң оларды босатқан. Стихиннің айтуынша, белсенділер бір-бірінен 30 метр қашықтықта тұрған, яғни, заң бойынша биліктен рұқсат алуды қажет етпейтін жалғыз адамдық пикет өткізу талаптары сақталған. Белсенділер полицияның үстінен прокуратураға шағым жазатындарын айтады.

Сенбі күні Мәскеуде биліктің келісімін алып, соғысқа қарсы пикетке шыққан үш адамды полиция ұстап әкеткен еді. «Солидарность» қозғалысының белсенділері шараға Ресей президенті Владимир Путиннің карикатурасы салынған және «Гитлердің рейтингі де жоғары болған» деген жазуы бар плакат ұстап шыққан. Полиция пикетшілердің қолындағы материалдар олар акция мақсаты ретінде көрсеткен – «елдегі және әлемдегі саяси-экономикалық жағдайға өз көзқарасын білдіруге» сәйкес емес деп тапқан.

XS
SM
MD
LG