Accessibility links

Алматыда бір топ жұмысшы жалақысын талап етті


Жалақы талап еткен жұмысшылар
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

Жалақы талап еткен жұмысшылар. Алматы, 29 қаңтар 2015 жыл.

29 қаңтарда Алматыда "Аяз" құрылыс компаниясымен келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін 9 жұмысшы жалақылары уақытында төленбегенін айтып наразылық білдірді.

"Алдымыз алты айдың жалақысын ала алмай жүрміз. Тіпті маусым айына дейін істеп, жалақысын ала алмай жұмыстан шығып кеткендер де бар. Арасында 5-10 мың теңге аванс беріп қояды" дейді өзін Мэлс Қасымбайұлы деп таныстырған жұмысшы.

Компания тапсырысы бойынша түрлі құрылыс жұмыстарын атқаратынын айтқан жұмысшылар "жалақымызды алмағанымызға алты ай болды" деп шағымданды. Жұмысшылар мекеме кеңсесі алдына жиналып, басшылығымен кездеспек болғанымен, ешкімге жолыға алмады.

Наразылық танытып тұрған жұмысшылармен телефон арқылы сөйлескен компания өкілі: "Ақшаларың ертең төленеді, қазір қаржы жоқ" деп жауап берді.

Жұмысшылар жалақылары төленбесе, прокуратураға шағымданатындарын айтады.

"Аяз" құрылыс компаниясы басшылығы Азаттыққа бұл оқиға жайлы мәлімет беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG