Accessibility links

Australian Open финалында Уильямс Шарапованы ұтты


Ресейлік Мария Шарапова (сол жақта) мен америкалық Серена Уильямс Australian Open турнирінде. Мельбурн, қаңтар, 2015 жыл.

Ресейлік Мария Шарапова (сол жақта) мен америкалық Серена Уильямс Australian Open турнирінде. Мельбурн, қаңтар, 2015 жыл.

Теннистен Австралия ашық чемпионаты – Australian Open турнирінің финалында америкалық Серена Уильямс ресейлік Мария Шарапованы ұтты.

Мельбурндағы «Rod Laver Arena» кортында өткен шешуші ойында әлемнің бірінші ракеткасы Уильямс әлемдік рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған Шараповадан 6:3, 7:6 есебімен басым түсті.

Осымен алтыншы мәрте Australian Open турнирінің жеңімпазы атанып отырған 33 жастағы Серена Уильямс Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін турнирлерде 19 рет үздік шыққан.

Мария Шарапова бұған дейін 2008 жылы сербиялық Анна Ивановичті жеңіп Australian Open турнирінің жеңімпазы болған еді.

XS
SM
MD
LG