Accessibility links

Олланд, Меркель мен Порошенко бітімге шақырды


Дебальцево қаласы маңында жүрген украиналық әскерилер көлігі. Қаңтар, 2015 жыл.

Дебальцево қаласы маңында жүрген украиналық әскерилер көлігі. Қаңтар, 2015 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель және Украина президенті Петр Порошенко Шығыс Украинадағы қақтығысты дереу тоқтатуға шақырды.

Үш елдің басшылары ақпанның 1-інде телефонмен сөйлесіп, Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыстардың шиеленісуін талқылап, Минскідегі келіссөзден нәтиже болмағанына өкініш білдірген.

Қаңтардың 31-і күні Минскіде Украина, Ресей, ЕҚЫҰ және сепаратистер өкілдері қатысқан украин әскері мен сепаратистерді бітістіру туралы кезекті келіссөз нәтижесіз ақяталған еді.

Соңғы күндері Шығыс Украинада сепаратистер украин әскерін қоршауға алуға тырысып жатқан Дебальцево қаласы маңында шайқас ерекше күшейген.

Украина әскери қолбасшылығының ақпанның 1-інде хабарлауынша, соңғы тәулікте Дебальцево мен оның маңындағы ұрыстардан 13 украин сарбазы қаза тауып, 20-сы жараланған. Әскери қимылдардан 17 бейбіт тұрғын мерт болған.

Шығыс Укаринада қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 5100-ден астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG