Accessibility links

ЕҚЫҰ Дебальцевода уақытша бітім жасасуға шақырды


Украин сарбаздары Дебальцево тұрғындарын эвакуациялап жатыр. 3 ақпан 2015 жыл.
Украин сарбаздары Дебальцево тұрғындарын эвакуациялап жатыр. 3 ақпан 2015 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Сербия сыртқы істер министрі Ивица Дачич Шығыс Украинада қоршауда қалған Дебальцево қаласы маңында соғысып жатқан тараптарды бітімге келіп, бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беруге шақырды.

ЕҚЫҰ төрағасы Дебальцево мен оның маңында соғысып жатқан үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистерді кем дегенде үш күнге дереу бітім жасасуға шақырған. Бітім ең әуелі Дебальцево мен оның маңайындағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін және біртіндеп қақтығысты тоқтату туралы келіссөзді жалғастыру үшін пайдаланылуы тиіс деп мәлімдеді Дачич.

Дебальцево маңында екі аптадан астам уақыттан бері қаланы ұстап тұрған үкімет күштері мен сепаратистер арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы кеше Дебальцеводағы жағдайдың "апатты күйде тұрғаны" жайлы мәлімдеген. Ұйым мыңдаған адамның атыстан бас сауғалап кеткенін, тұрғындардың ауыз суға, азық-түлік пен электр қуатына және дәрі-дәрмекке мұқтаж екенін айтады.

XS
SM
MD
LG