Accessibility links

Қырғызстанда кеніште үш адам қаза тапты


Жалал-Абад облысы Шатқал ауданындағы алтын кеніштерінің бірі, Қырғызстан. (Көрнекі сурет).
Жалал-Абад облысы Шатқал ауданындағы алтын кеніштерінің бірі, Қырғызстан. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысында қараусыз қалған алтын кеніштерінің бірінде үш адам уланып қайтыс болды. Азаттықтың Қырғыз қызметіне бүгін Жалалабад облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Мыктыбек Турдубековтің хабарлауынша, қайғылы оқиға облыстың Чаткал ауданында болған.

Чаткал ауданы Терек-Сай ауылының бес тұрғыны 14 ақпан күні алтын іздеп, тереңдігі 1000 метрге жететін кенішке түскен. Жер астында жиналып қалған газдан уланған тұрғындар халдері нашарлап, сыртқа шығуға тырысқан. Бірақ олардың үшеуі газдан уланып көз жұмған.

Қырғызстанда ауылды жерлердегі тұрмысы нашар тұрғындар алтын немесе басқа да пайдалы қазбаларды іздеп, қараусыз қалған шахталарға жиі түседі.

XS
SM
MD
LG