Accessibility links

Үнді премьерінің сапарына Пекин наразы болды


Қытайдың Тибет автономиялық округінің орталығы Лхаса қаласы. (Көрнекі сурет)
Қытайдың Тибет автономиялық округінің орталығы Лхаса қаласы. (Көрнекі сурет)

Қытай сыртқы істер министрлігі Үндістанның Пекиндегі елшісін шақыртып, Гималайдағы шекара маңындағы екі мемлекет арасындағы даулы аймаққа үнді премьер-министрі Нарендра Модидің сапармен барғанына наразылық білдірген.

Ақпанның 20-сы күні Моди Үндістанның солтүстік-шығысындағы Аруначал-Прадеш штатына барып, осы штаттың құрылғанына 28 жыл толу шарасына қатысқан еді.

Көлемі 84 мың шаршы метрге жуық Аруначал-Прадеш штаты Қытай мен Үндістан арасындағы жер дауына себепкер аймақ. Дели штатты өз жері санайды, Пекин бұл аймақты Тибеттің бір бөлігіне жатқызады.

Үндістан мен Қытай арасында жер үшін 1962 жылы болған соғыс салдарынан екі мыңнан аса адам қаза тапқан. Содан бері екі мемлекет даулы жердегі шекараны нақты белгілей алмай келеді.

XS
SM
MD
LG