Accessibility links

Украина Ресей журналисіне уақытша пана берді


Ресейлік журналист Дмитрий Шипилов.

Ресейлік журналист Дмитрий Шипилов.

Ресейлік журналист, "Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевке тіл тигізді" деген айыппен үш ай абақтыда отырған Дмитрий Шипилов Украинада уақытша тұруға рұқсат алды.

Дмитрий Шипиловтың Азаттыққа телефон арқылы хабарлауынша, ол ақпанның 25-і күні Беларусь арқылы Украинаға өтіп, Киевтен саяси баспана сұраған. 26 ақпанда Украина билігі оның саяси баспана сұраған өтініші қаралғанға дейін елде тұруына рұқсат еткен. Шипилов "енді Ресейге оралмайтын шығармын" дейді.

Дмитрий Шипилов 2012 жылы Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеевке тіл тигізді деген айыппен сотталып, 11 ай қоғамдық жұмыс атқару жазасына кесілген. Шипилов ол істің саяси астары бар деп, Мәскеуге кетіп қалған.

Қыркүйек айында Мәскеу полициясы Шипиловты тұтқындап, Кемеров облысына қайтарған. Мұнда ол бұрынғы сот шешімін орындаудан бас тартқаны үшін үш ай қамауда отырды.

XS
SM
MD
LG