Accessibility links

Азаттықтың "жиһадшы қазақтар" жайлы мақаласы да ашылмай тұр


"Азаттық" сайтының ашылмай тұрған парақшасының скриншоты.
"Азаттық" сайтының ашылмай тұрған парақшасының скриншоты.

Азаттықтың қазақ "жиһадшылары" жайлы таралған кезекті видеоға қатысты енді мақалалары да ашылмай қалды. "Жиһадшы қазақтардың" кезекті видеосы тарады" деп аталатын мақала вебсайттың қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларында қатар ашылмайды.

Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан видеода бетін жасырып, көпшілігі көзілдірік таққан тоғыз адам бейнеленген. Барлығы қару ұстап, бір түсті әскери киім кигендердің ортасында отырғаны (видеода лақап аты Әбу Муаз деп көрсетілген – ред.) қазақша сөйлеп, уағыз айтады.

Өздерін «Қазақстаннан келген мүджахидтармыз» деп таныстырған ол Қазақстанда қалған «бауырлар мен әпке-қарындастарға Шам жерінен сәлем жолдаймыз» деп сөз бастайды.

Бұдан соң ол Сирияға «отбасыларымен келіп жатқандар аз емес» екенін айтып, өздерінің қатарына қосылуға болмаса «Ирак пен Ауғанстанға хижра жасауға» шақырады. «Әбу-Муаз» Қазақстандағы дін ғалымдарын «дінді дұрыс үйретпей улап тастаған» деп сөгіп, өздерінің Сирияға баруындағы «басты мақсат – жәннатқа кіру» екенін айтады.

Видеоның сол жақ шекесіне "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қара туы қойылған.

Видео таралғаны жайлы хабарлаған Азаттық вебсайтының жаңалықтары да кешеден бері ашылмай қалған. "Жиһадшы қазақтар" жайлы мақаланың Азаттықтың Facebook-тегі парақшасынан оқуға болады.

Вебсайттың өткір саяси-әлеуметтік мәселелер туралы материалдары былтырдан бері бұғатталып келеді.

XS
SM
MD
LG