Accessibility links

Нигерияда терактілер жасалды


Нигерия мен Камерун азаматтары «Боко Харам» экстремистік тобына қарсы жазулар ұстап тұр. (Көрнекі сурет).
Нигерия мен Камерун азаматтары «Боко Харам» экстремистік тобына қарсы жазулар ұстап тұр. (Көрнекі сурет).

Нигерияның солтүстік өңірінде сенбі күні бірнеше жарылыс болған. Терактілер Борно аймағының орталығы Майдугури қаласында екі базар мен автобус станциясында жасалған деп хабарлайды CNN оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап.

Соңғы айларда Нигерияның солтүстігі мен көршілес Камерун еліне «Боко Харам» исламшыл экстремистер тобының шабуылдары жиіледі. Бұл шабуылдардан екі елде жүздеген адам құрбан болған.

Майдугуридегі шабуылдарды Нигерия қауіпсіздік күштері тексеріп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG