Accessibility links

Порошенко: Бітім шарты орындалып жатыр


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Донбастағы қақтығысты тоқтату режимінің орындалу барысын жалпы алғанда жақсы бағалады.

Ол Украина әскерінің қақтығыс шебінен "зымыран жүйелері мен ауыр артиллериялық қару-жарақтың көбін әкеткенін" хабарлады. Порошенко сепаратистер де ауыр қару-жарақтарының бірқаншасын шығарып әкеткенін айтады. 12 ақпан күні Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісім бойынша, қақтығыс жүріп жатқан жерлерден үлкен буферлік аймақ құру үшін қару-жарақ әкетілуі тиіс.

Порошенконың мәлімдеуінше, қақтығысты тоқтату келісімі күшіне енген уақыттан бері 64 украин сарбазы қаза тапқан. Белсенді ұрыс қимылдары бәсеңдегеніне қарамастан Киев сепаратистерді үкімет әскері позицияларын атқылауын тоқтатпай отыр және бітімді жаңа шабуыл бастау үшін әскерін ретке келтіріп, қайта қаруланып алуға пайдаланып жатыр деп айыптайды. Бірақ сепаратистер бұл айыптауларды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG