Accessibility links

Астаналық оқытушы өзін-өзі президенттікке ұсынды


Орталық сайлау комиссиясы алдында жиналып тұрған адамдар. (Көрнекі сурет).

Орталық сайлау комиссиясы алдында жиналып тұрған адамдар. (Көрнекі сурет).

Өзін-өзі ұсынған тағы бір үміткер, Астанадағы университет оқытушысы Мұхамедрахым Құрсабаев Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) кезектен тыс президент сайлауына түсуге өтініш берді.

ОСК-ның хабарлауынша, 54 жастағы Құрсабаев өзін-өзі ұсынған он төртінші үміткер болып отыр. Президенттік сайлауға барлығы 15 адам ұсынылған. Оның біреуі Тұрғын Сыздықовты Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ұсынған. Сыздықов кеше қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын комиссия алдында емтихан тапсырған. ОСК оны қазақ тілін еркін біледі деп, үміткерге өзін қолдайтындардың тізімін жинайтын парақшалар беруге қаулы шығарған.

Бұған дейін ОСК өзін-өзі ұсынған Есенбек Өктешбаев, Уәлихан Қайсаров, Қанат Жұман, Асқар Сырғабаев, Сафиолла Алдажанов пен Ержан Серғазинді қазақ тілін еркін білмейді деп, тағы екі адамды "жасы қырыққа толмаған" деп үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген.

XS
SM
MD
LG