Accessibility links

Песков: Путиннің денсаулығы жақсы


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путиннің денсаулығы нашар деген ақпаратты жоққа шығарды.

12 наурызда "Эхо Москва" радиосына берген сұхбатында Песков Путиннің денсаулығы "өте жақсы" деп, президентті "тығыз жұмыстарымен көпшілік алдына шыға алмай жүр" деді.

Путин сырқаттанып қалыпты деген тұрғыдағы ақпараттар Ресей, Қазақстан және Беларусь басшыларының 13 наурызда Астанадағы кездесуі кейінге қалған соң тараған еді.

62 жастағы Путин 5 наурызда ішкі істер министрлігі басшыларына телеарнадан жолдау арнағаннан соң көпшілік алдына шықпай кеткен.

Бірақ Песков Путиннің денсалығына қатысты "алаңдайтын ешнәрсе жоқ, барлығы жақсы" дейді. Ол Путин "барлық кездесулерін өткізуде және дағдарысқа қатысты мәселелерді талқылаумен босай алмай жатыр" дейді.

XS
SM
MD
LG