Accessibility links

Заречныйдағы колонияда экстремизмге қарсы семинар өтті


Бүгін Алматы облысы Іле ауданындағы Заречный кентінде орналасқан ЛА 155/8 колониясында түрме қызметкерлеріне арналған діни экстремизм мәселесі жайында семинар өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Дін және құқық" деп аталатын семинарды Алматы облыстық дін істері басқармасы ұйымдастырған. Семинарға Алматы облыстық дін істері басқармасы мен оның жанындағы дін саласын ғылыми зерттеу орталығының өкілдері, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Талдықорған өңірі облысы бойынша өкіл имамдары, дінтанушылар қатысқан.

Жиында сөйлегендер "исламның бейбіт заманда бүлік шығаруға беретін үкімі", "шариғат пен мемлекеттің, дін және құқықтың өзара байланысы" жайында баяндамалар жасады.

Баяндамада жасағандар жастардың басқа дінге өтіп кетуін сауатсыздықтың белгісі деген тұрғыда көрсетті. Олар "діни экстремизм мен терроризмнің барлығы бүлік болып саналады және ол дінді дұрыс түсінбеуден туындайды" деп, "бүлік шығарушыларды" "отан қорғау мен отбасы тыныштығын сақтауды теріс мақсатта пайдаланады" деді.

XS
SM
MD
LG