Accessibility links

Назарбаев Ли Куан Ю қазасына көңіл айтты


Ли Куан Юдің қайтыс болуына байланысты Филлипиндегі Сингапур елшілігі алдына қойылған сурет.
Ли Куан Юдің қайтыс болуына байланысты Филлипиндегі Сингапур елшілігі алдына қойылған сурет.

Сингапур Республикасының тұңғыш премьер-министрі Ли Куан Ю 23 наурызға ауған түні, 92 жасында дүниеден өтті. Ол бірнеше күн бұрын пневмония сырқатымен ауруханаға түскен еді.

Ли Куан Ю Сингапурды 31 жыл басқарды. Ол билікке 1959 жылы келген еді. Ол жүргізген экономикалық реформалар елдің дамуына ықпал етті. Алайда құқық қорғаушылар оны саяси құқықтар мен азаматтардың бостандығын шектеді деп сынайды.

АҚШ президенті Барак Обама Сингапур халқы мен Ли Куан Ю отбасына көңіл айтты. Оның бағалауынша, "Ли Куан Ю 1965 жылы тәуелсіздік алған Сингапурды әлемдегі ең жоғары дамыған елдердің біріне айналдырған".

Саясаткердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Сингапур халқына және осы елдің премьер-министрі Ли Сянь Лунге телеграмма жолдады.

Назарбаев «Біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оны жақын дос санадым, одан көп тәжірибе алдым. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып... Сингапур халқына көңіл айтамын» деген.

Сингапурде бір апталық аза жарияланды. Осы қаралы аптада мемлекеттік мекемелердегі тулар төмен түсіріледі. Мемлекеттік телеарналар күнделікті бағдарламаларын тоқтатты.

XS
SM
MD
LG