Accessibility links

Алматыдан 360 шақырымда жер сілкінісі тіркелді


Көктөбеден қарағандағы Алматы қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет).
Көктөбеден қарағандағы Алматы қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет).

Бүгін Алматыда Астана уақытымен 05 сағат 15 минут кезінде жер сілкінісі тіркелді.

Жергілікті агенттіктердің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедицияға сілтеп хабарлауынша, тербеліс эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа таман 360 шақырымда болған.

Эпицентрі Қазақстан аумағында болған жер сілкінісінің магнитудасы 3,9-ды құраған. Тербеліс 10 шақырым тереңдікте тіркелген.

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы әзірге хабарланбады.

XS
SM
MD
LG